Қазақстандық файтер кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық файтер кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 70 турнирінде кештің төртінші жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық Жасұлан Мейірманов (6-0) өзбекстандық Жавохир Нарзуллаевпен (5-2) кездесті.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, Мейірманов жеңіске жетті. Ол кәсіби мансабында қатарынан 7-жеңісіне қол жеткізді. 

OCTAGON 70 басты кездесуінде BMF титулы үшін жекпе-жек өтеді онда танымал қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (9-3) тәжікстандық Камиль Каратемен (7-2) кездеседі.

Негізгі кездесуде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Георгий «Рыцарь» Кичигин (31-11) өзбекстандық Сайдатахон Нуриддиновке (6-1) қарсы белбеуін қорғайды.

Аса ауыр салмақта қазақстандық екі файтер бос тұрған чемпиондық белбеу үшін таласады: Кәрім Рузбакиев (9-2) пен Константин Меркулов (5-3).

OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или