OCTAGON 70 турнирінде қазақ пен қырғыз файтерінің жекпе-жегі қанды оқиғамен аяқталды
Еуразиялық OCTAGON лигасының тарихи нөмірлі турнирінде кештің екінші жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта октагонға қырғыз спортшысы Нұрбек Абдықадыров (6-3) пен қазақстандық Дидар Нәгімолданов (4-2) шықты.
Алғашқы раунд екі жақтың да белсенді шабуылдарымен тартысты өтті. Алайда екінші раундта қырғыз файтері қарсыласының шынтағымен ауыр соққы жасап, Дидар Нәгімолдановтың қасынан терең жарақат ашылып кетті. Октагон қанды аренаға айналды. Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болып, жеңіс Абдықадыровқа берілді.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде BMF титулы үшін танымал қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (9-3) мен даулы тәжік спортшысы Камиль Карате (7-2) кездеседі.
Ко-мейн ивентте жартылай орта салмақтағы чемпион Георгий «Рыцарь» Кичигин (31-11) өз титулын Өзбекстан өкілі Саидатахон Нуриддиновқа (6-1) қарсы қорғайды.
Ал ауыр салмақта чемпиондық белбеу үшін қазақстандық Карим Рузбакиев (9-2) пен Константин Меркулов (5-3) күш сынасады.