Қазақстандық файтер жеңілмеген қырғызды жеңіп, жанкүйерлерді таңғалдырды

Қазақстандық файтер жеңілмеген қырғызды жеңіп, жанкүйерлерді таңғалдырды

Алматыда өткен OCTAGON 70 аралас жекпе-жек өнерінің мерейтойлық мега-турнирінде алғашқы жекпе-жек тартысты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Октагонға бірінші болып шыққан файтерлер — жеңіл салмақта өнер көрсететін қырғыз спортшысы Жәнібек Мейрамбекұлы (3-0) мен қазақстандық Руслан Мейрманов (3-1).

Бірінші раундта қазақстандық файтер қарсыласын есеңгіретіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға жақын қалды. Дегенмен, Мейрамбекұлы бұл соққыларға шыдап берді. Екінші раундта айқас теңесе түскенмен, басымдық тағы да Мейрмановтың жағында болды. Ал үшінші раундта қазақстандық спортшы қарсыласын ауыр соққылар астына алып, төреші қырғыз файтерінің денсаулығын ойлап, кездесуді тоқтатты. Осылайша, Руслан Мейрманов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или