Қытай қазағы Нартай Қозыбай ММА турнирінде тарихи жеңіске жетті

Қытай қазағы Нартай Қозыбай ММА турнирінде тарихи жеңіске жетті

Қытайда тұратын этникалық қазақ Нартай Қозыбай (10-0) ММА турнирінде қытайлық Ван Цзи Чженге (20-5) қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бес раундқа жоспарланған кездесудің екінші кезеңінде Нартай қылқындыру (кимура) әдісін қолданып, төреші жекпе-декті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша қандасымыз мансабындағы оныншы жеңісіне жетіп, чемпиондық белбеуге бір табан жақындай түсті.

Нартай Қозыбай 2023 жылы мансабындағы ең жылдам жеңісіне қол жеткізген болатын. Ол небәрі бірінші 52 секундта бразилиялық Режиналду Виейраны техникалық нокаутпен ұтты.

Сондай-ақ, 2024 жылы Қытайдың тағы бір танымал JUE CHENG KING атты ережесіз жекпе-жек турнирінде тибеттік танымал файтер Зы Уаңды жеңіп, $140 мың еншілеген.

Айта кетейік, Нартай Қозыбайұлы Қытайдың Іле автономиясы Күнес ауданында дүниеге келген.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или