Қазақстандық файтердің UFC-дегі екінші жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Қазақстандық файтердің UFC-дегі екінші жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

23 ақпан күні таңертең қазақстандық ММА файтері Николай Веретенников (12-5) UFC аясындағы екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Николай Веретенниковтың қарсыласы Остин Вандерфорд болады, ол бұған дейін Bellator-да жарысқа қатысып, тіпті промоушен титулын иеленді. 

Веретенников - Вандерфорд жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша 04:40-та басталады, оны арнасынан көруге болады.

Остин Вандерфорд 14 жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңілген. Соның бірі бұрын UFC-де өнер көрсеткен Гегард Мусасимен чемпиондық жекпе-жек болды.

Айта кетейік, Николай Веретенников Дана Уайттың лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырап, Дэнни Барлоу төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или