Қазақстандық MMA шебері допингпен ұсталды

Қазақстандық MMA шебері допингпен ұсталды

Қазақстандық файтер Алик Домничтің допинг сынамасынан тыйым салынған препараттар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соның нәтижесінде ол спорттан екі жылға шеттетілді.

Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (ITA) мәліметінше, спортшының 2023 жылдың 18 қарашасында алынған сынамаларынан кломифен ізі анықталған. Аталған ұйым оны аралас жекпе-жек спортынан 2024 жылдың 16 тамызынан 2026 жылдың 15 тамызына дейінгі аралықта шеттетті.

Алик Домнич әлемнің жеті дүркін жүлдегері. Қазақстанның 10 дүркін чемпионы. Азия чемпионы.

Айта кетейік, қазақстандық файтерлер алғаш рет допингпен ұсталып отырған жоқ. Бұған дейін Расул Хатаев та тыйым салынған препарат қолданғаны үшін спорттан уақытша шеттетілген еді.

Осы жайттардан кейін Қазақстанда аралас жекпе-жек спортына қатысты допинг бақылауы күшейтілуі мүмкін.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или