OCTAGON лигасының чемпионы алдағы жоспарлары туралы айтты

OCTAGON лигасының чемпионы алдағы жоспарлары туралы айтты

OCTAGON лигасының чемпионы Аян Тұрсын Sport+ арнасына берген сұхбатта алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен 52 кг салмақта OCTAGON лигасының чемпионымын. Жоспар бойынша сәуір айында белбеуімді қорғаймын. Қарсыласым лигада екі жеңіске жетті, сондықтан басшылық оған мүмкіндік беруді шешті. Ол аяқта тұрып ұрыс жүргізуді ұнатады, мен де солай, сондықтан жақсы жекпе-жек болады деп ойлаймын», — деді Аян Тұрсын.

Чемпиондық жекпе-жек 19 сәуірге жоспарланған. Аянның қарсыласы — қырғызстандық жауынгер Фарида Абдуева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или