Қазақстан ҰОК 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды
 
                  Қазақстанның ҰОК 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz
Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.
Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.
                                          Дереккөз: olympic.kz
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или