Жарақат алған «Барыс» қақпашысы Бояркиннің жағдайы белгілі болды

Жарақат алған «Барыс» қақпашысы Бояркиннің жағдайы белгілі болды


«Барыс» клубының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев Никита Бояркиннің жарақатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Golovoy Ob Led басылымына сілтеме жасап.

«Дәрігер келіп, ешқандай жыртылу жоқ екенін айтты. Шамасы, қатты ауырсыну салдарынан шок алған. Мен нақты айта алмаймын, ертең белгілі болады. Дәрігердің айтуынша, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Ертең көрерміз», – деді бапкер.

Екінші кезеңнің басында Бояркин «Лада» шабуылшысы Андрей Алтыбармакянның соққысынан кейін шайбаға талас кезінде жарақат алды. Оған мұз үстінде медициналық көмек көрсетіліп, алаңнан зембілмен шығарылды. Қақпадағы орнын Юхан Маттссон алмастырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или