Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында екінші орын алды

Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші орынға көтерілді.
Биатлоншылар эстафеталық жарыста екінші нәтижені көрсетті. Медальді елімізге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев әкелді.
Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алса, үшінші орын Қытайға бұйырды.
Айта кетейік, Қазақстан биатлоншылары Азия ойындарын төрт медальмен аяқтады. Владислав Киреев спринтте бірінші орын алды. Бұл санатта Вадим Куралес күміс медаль еншіледі. Әйелдер құрамасы эстафетада үшінші орын алса, ерлер құрамасы екінші болды.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или