Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдында тағы бір ірі жеңісіне қол жеткізді
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Қазанда жергілікті «Ак Барс-Динамо-2» клубымен екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz
Кеше оралдықтар қарсыласын 12:1 есебімен жеңген еді.
Бүгін 18:4 есебі тіркелді.
«Ақжайықтан» ресейлік Максим Пахомов 7 рет мергендік танытса, Рауан Исалиев пен команда капитаны Максим Өтебалиев 5-5-тен гол соқты. Тағы бір гол Мақсат Балмашовтың еншісінде.
Осылайша, 63 ұпай жинаған Николай Шавалдиннің шәкірттері екінші топта көш тізгінін ешкімге берер емес.
«Ақжайық» келесі матчтарын 15-16 ақпанда «Волга-Черемшан» командасымен өткізеді.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или