Өзбекстанның тағы бір файтері UFC-де өнер көрсетеді

Өзбекстанның тағы бір файтері UFC-де өнер көрсетеді

Машрабжон Рузибоев 16 ақпанда UFC Vegas 102 турнирінде UFC-дегі дебютін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт Шредингера» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Өзбекстандық файтер, сондай-ақ Нұрсұлтан Рузибоевтың кіші інісі болып келеді. Ол бразилиялық Кауи Фернандестің (9-2) орнына жекпе-жекке шығады. Фернандес америкалық Джаред Гордонмен (20-7, UFC 8-6) кездесуі керек еді.

28 жастағы Машрабжон Рузибоев жеңіл және жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Қазір ол жеті жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясымен келеді, ал оның ММА-дегі рекорды – 20-4-1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или