Георгий Кичигиннің OCTAGON 70 турниріндегі жаңа қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық файтер Георгий Кичигиннің (31-11) OCTAGON 70 турниріндегі титулды жекпе-жекте кездесетін жаңа қарсыласы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
23 ақпанда Алматыда өзбекстандық нокаутшы Шохасан Миразматовтың (14-4) орнына «Рыцарь» Өзбекстанның тағы бір өкілі Сайдатахон Нуриддиновпен (6-1) жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.
Айта кетейік, Шохасан Мирзаматов екінші рет қатарынан жартылай орта салмақтағы титулды жекпе-жекке шыға алмады. Бұл жолы өзбекстандық файтер жол апатына түсіп, Кичигинмен жекпе-жектен бас тартты.
OCTAGON 70 мерейтойлық турнирі аясында танымал тәжікстандық файтер Камил Каратэ қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтармен BMF чемпионы атағын сарапқа салады.
OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Алматыдағы OCTAGON 70 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады