UFC-ге талпынып жүрген қазақстандық жауынгер қиын қарсыласпен кездеспек

UFC-ге талпынып жүрген қазақстандық жауынгер қиын қарсыласпен кездеспек

UFC-ге талпынып жатқан қазақстандық чемпион Аян Тұрсын (7-0) OCTAGON 71 турнирінде өткізетін жекпе-жектің күнін және титулды бірінші рет қорғау бойынша қарсыласының атын білді, деп хабарлайды Prosports.kz

Ол соққысы қауіпті қырғыз жауынгері Фарида Абдуева болады (4-1). Әйелдер арасындағы ең төменгі салмақтағы титулдық жекпе-жек 19 сәуірде Алматыда өтеді.

Айта кетейік, Тұрсын 2023 жылдың қараша айында тәжірибелі ресейлік Марина Шутовамен (5-4-1) жекпе-жекте чемпиондық белдікті жеңіп, кәсіби мансабындағы жеңіліссіз сериясын жалғастырған еді. Спортшы өзінің басты мақсаты ретінде UFC-мен келісімшартқа отыруды қалайды.

Қырғызстаннан келген қауіпті жауынгер үшін алдағы жекпе-жек украиналық Анастасия Светковскаядан (3-2) жеңілгеннен кейінгі мансабын жаңғырту үшін тамаша қадам болмақ. 

Айта кетейік, 23 ақпанда Алматыда OCTAGON 70 мерейтойлық турнирі өтеді, оның аясында танымал және жанжалды тәжік файтері Камиль Каратэ белгілі қазақстандық актер және жауынгер Еркебұлан Тоқтармен BMF чемпионы атағына таласады.

OCTAGON 70 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Алматыдағы OCTAGON 70 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или