UFC турнирінде «Дағыстандық қазақ» жеңіліс тапты

2025 жылғы 1 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен UFC Fight Night 250 турнирінде «Шара Буллет» пен Майкл Пэйдж кездескенін Prosports.kz хабарлайды.
Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде Шарабуллет пен Пэйдж үш раунд бойы тартысты айқас өткізіп, нәтижесінде төрешілер бірауыздан қабылдаған шешіммен жеңіс британдық файтерге берілді.
Бұл Магомедов үшін мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Ол UFC-дегі жекпе-жектерін 2023 жылы бастап, осыған дейінгі рекорды 4-0 (оның ішінде 2 нокаут/техникалық нокаут) болатын. Ал Пэйдж 2024 жылы дебют жасап, қазіргі уақытта UFC-де бір жеңіс, бір жеңіліспен келе жатыр.
Айта кетейік, Магомед Исмаиловтың інісі Рамазан Исмаилов өздерін «дағыстандық қазақтар» деп атаған болатын. Осыдан кейін бұл лақап ат «Шара Буллетке» берік бекіді.