Қазақстан құрамасының Қысқы Азия ойындарындағы ойын кестесі белгілі болды

Қазақстан құрамасының Қысқы Азия ойындарындағы ойын кестесі белгілі болды

Хоккейден Қазақстан құрамасының Қысқы Азия ойындарындағы матчтарының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейден Азия турнирі 3-13 ақпан аралығында өтеді.

Біздің құрама «А» тобында Корея, Қытай, Жапония, Таиланд және Қытай Тайбэйінің командаларымен ойнайды. Оның үстіне топтық матчтарының нәтижесіне қарамастан барлық алты команда плей-офф кезеңіне шығады. Оларға В және С топтарында бірінші орын алған командалар қосылады.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

04.02.2025, 13:00 – Таиланд – Қазақстан

05.02.2025, 17:00 – Қазақстан – Қытай

07.02.2025, 06:00 – Қазақстан – Қытай Тайбэйі

08.02.2025, 09:00 – Жапония – Қазақстан

10:02.2025, 09:00 – Қазақстан – Корея

11.02.2025 – Ширек финал

13.02.2025 – Жартылай финал

14.02.2025 – Финал, үшінші орын үшін матч


Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына келесі құраммен барған болатын:

Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Амирбеков (Магнитка, ВХЛ), Максим Павленко (Рязань-ВДВ, ВХЛ), Андрей Шутов (Барыс, Астана),

Қорғаушылар: Данил Бутенко, Адиль Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв (бәрі - Барыс) Дмитрий Бреус (Торпедо, КХЛ), Эдуард Михайлов (Арлан) Иван Степаненко (Хумо)

Шабуылдаушылар: Александр Борисевич (Сарыарка), Андрей Буяльский (еркін агент), Дмитрий Гренц, Артём Лихотников (екеуіде Хумо), Вячеслав Колесников (Номад), Евгений Рымарев (Юнисон, ВХЛ), Алихан Омирбеков, Кирилл Панюков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (бәрі- Барыс), Денис Чапоров (Арлан).

Бас бапкер – Олег Болякин

Бапкерлер: Георгий Верещагин, Владимир Князев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или