Хоккейден Азиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарына дайындықты бастады. Команда А тобында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд және Қытай Тайбэйімен кездеседі.
Турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды:
Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков ("Магнитка", ЖХЛ), Максим Павленко ("Рязань-ВДВ", ЖХЛ), Андрей Шутов (“Барыс”, Астана),
Қорғаушылар: Данил Бутенко, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв (бәрі - "Барыс", Астана) Дмитрий Бреус ("Торпедо", ҚХЛ), Эдуард Михайлов ("Арлан", Көкшетау), Иван Степаненко ("Хумо", Ташкент)
Шабуылшылар: Александр Борисевич ("Сарыарқа", Қарағанды), Андрей Буяльский (еркін агент), Дмитрий Гренц, Артём Лихотников (екеуі де - "Хумо", Ташкент), Вячеслав Колесников ("Номад", Астана), Евгений Рымарев ("Юнисон", ЖХЛ), Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (бәрі - "Барыс", Астана), Денис Чапоров ("Арлан", Көкшетау).
Бас бапкер – Олег Болякин