Асу Алмабаевтың жаңа қарсыласы белгілі болды

Асу Алмабаевтың жаңа қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Асу Алмабаевтың жаңа қарсыласы бразилиялық Аллана Насименто (20-6) болады. Жауынгерлер 2-ші наурызда өтетін UFC Vegas 103 турнирінде октагонға шығады.
Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізген еді. Ол кезде Матеус Николауды (19-5-1) төрешілер шешіммен жеңіп, өз салмағында үздік ондықтың қатарына енді.
Насименто болса соңғы рет 2023 жылдың басында Карлос Эрнандеспен (9-2) жекпе-жек өткізіп, тұншықтыру әдісімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или