Қазақстандық шоумен ҚХЛ Жұлдыздар командасының бапкерлер штабына енді

Қазақстандық шоумен ҚХЛ Жұлдыздар командасының бапкерлер штабына енді

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) 2025 жылы Новосибирскте өтетін Жұлдыздар матчында әр дивизион құрамаларына қосылған қосалқы бапкерлердің есімдерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өскемендік хоккей мектебінің түлегі Игорь Никитиннің көмекшісі ретінде актер, комик және «Хоккейный борт» бағдарламасының жүргізушісі Айдар Гараев тағайындалды. Алексей Жамновтың көмекшісі ресейлік стендап-комик, ТНТ арнасындағы Stand Up жобасының қатысушысы және «Прожарка» шоуының мүшесі Алексей Стахович болады.

Қазақстандық стендап-комик және шоумен, Өскемен тумасы Евгений Чебатков бас бапкер Виктор Козловпен бірге жұмыс істейді. Ал Бенуа Грудың көмекшісі ТНТ арнасындағы Stand Up жобасының қатысушысы, «Comedy Баттл» шоуының финалисі Хетаг Хугаев болды.

ҚХЛ Жұлдыздар матчы 8 ақпанда басталады. Алғашқы күнгі бағдарламада жанкүйерлер мастер-шоу байқауларын және мини-турнирдің жартылай финалдық матчтарын тамашалайды. 9 ақпанда мастер-шоу байқауларының екінші бөлімі, үшінші орын үшін ойын және турнир финалы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или