Белгілі промоутер Федор Емельяненконың ММА-дағы гонорарларын жария етті.
Ресейлік промоутер Камил Гаджиев ММА-дағы атақты Федор Емельяненконың гонорарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz спорт24-ке сілтеме жасап.
2016 жылы Гаджиев Санкт-Петербургтегі турнирде Емельяненко мен бразилиялық Фабио Мальдонадо арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырған.
— Емельяненко жайлы «қарапайым адам» дейді ғой, бірақ миллион рубльге айқасуға келмейтін шығар.
— Әрине, жоқ. Миллион доллар үшін — болады. Мен жай ғана мысал келтірдім. Барлығы да Федордың гонорарларының шамасын біледі. Американың өзінде оларды жариялайды ғой. Ол жақта көбінесе миллионнан екі миллионға дейінгі аралықта болған. Ресейде де солай, — деп айтты Гаджиев «За деньги» YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Федор Емельяненко ММА-да 47 жекпе-жек өткізіп, 40 жеңіске жетті. Ол спорттық мансабын 2023 жылдың ақпанында аяқтады.