ММА. Қазақстандық файтер Ресейде реванш жекпе-жек өткізеді

ММА. Қазақстандық файтер Ресейде реванш жекпе-жек өткізеді

28 ақпанда қазақстандық ММА файтері Дәурен Ермеков пен ресейлік Дмитрий Арышев арасындағы орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бес раундтық жекпе-жек турнирдің басты шайқасы болады. Доданы Қазан қаласы қабылдайды. 

Ермековтің еншісінде 19 жеңіс және алты жеңіліс бар. Арышевта 16 жеңіс, сегіз жеңіліс. Бір жекпе-жегі тең аяқталған.

Олардың соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың тамыз айында өтті. Арышев екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Реванш желтоқсан айына жоспарланған болатын, бірақ, ресейліктің денсаулығы сыр берген еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или