Асу Алмабаевтың командасы жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады
Жекпе-жекке қатысты Асудың Dar Team командасы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz
Асу Алмабаев пен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Асудың қарсыласы жекпе-жектен бас тартқан. Бұл туралы Dar Team командасы ресми мәлімдеді.
«Асу Алмабаев жақын арада АҚШ-қа ұрысқа дайындалу үшін ұшатынын ресми түрде мәлімдейміз. Бізге белгісіз себептермен Эрцегтің өзі жекпе-жекке шықпайтын болды. Турнирге дейін бір ай болғандықтан, біздің командамыздың жауынгері үшін жаңа қарсылас таңдалады немесе Стив есін жиып, жекпе-жекті қабылдайды», - деп жазды.
Айта кетейік, Асу Алмабаев пен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек 1 наурыз күні UFC Vegas 103 турнирінде өтуі керек болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или