Қазақстандық титулды жауынгер мен өзбек нокаутшысының жекпе-жегі ресми жарияланды
Еуразиялық жекпе-жек лигасы Алматыда 23 ақпанға жоспарланған OCTAGON 70 мерейтойлық турнирінің басты жекпе-жегін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің басты оқиғасында тәжірибелі қазақстандық файтер және жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Георгий Кичигин (31-10) өзбек нокаутшысы Шохасан Мирзаматовқа (14-4) қарсы белбеуді қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жауынгерлер арасындағы чемпиондық жекпе-жек 2024 жылдың қаңтарында өтуі керек еді, бірақ сол кезде Мирзаматов салмағын жоғалтып, жекпе-жек тоқтатылған еді.
Сондай-ақ, іс-шара аясында танымал тәжік жауынгері Камиль Каратэ қазақстандық актер және жауынгер Еркебұлан Тоқтармен BMF чемпионы атағына таласады.
OCTAGON 70 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі