Допты хоккей: «Ақжайық» орынборлық команданы 17:0 есебімен ойсырата ұтты

Допты хоккей: «Ақжайық» орынборлық команданы 17:0 есебімен ойсырата ұтты

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар кеше бірінші матчта 20:3 есебімен жеңген болатын.

Бұл жолы айдын иелері өз қақпасына доп жіберген жоқ – 17:0.

Максим Пахомов пен Рауан Исалиев бес-бестен гол соқса, команда капитаны Максим Өтебалиев хет-триктің авторы атанды. Нұрбол Бөкешов қарсылас команда қақпасына 2, Ершат Амангелдиев пен Самат Аманшин бір-бір доптан енгізді.

Осылайша, ұпай санын 45-ке жеткізген «Ақжайық» екінші топта көш бастап келеді.

Оралдықтар келесі ойындарын 3-4 ақпанда өз айдынында «Маяк» (Краснотурьинск) командасымен өткізеді. «Маяк» 40 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или