Жеңіліп көрмеген файтер Нұржігіт Байменнің келесі қарсыласының есімі белгілі болды

Жеңіліп көрмеген файтер Нұржігіт Байменнің келесі қарсыласының есімі белгілі болды

Аралас жекпе-жектен жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Нұржігіт Байменнің (7-0-1) келесі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

OCTAGON 70 турнирінде оның қарсыласы тәжікстандық Амирхон Атахонов (6-3-1) болады.

Айта кетейік, 23 ақпан күні турнирдің басты кездесуінде қазақстандық чемпион Георгий Кичигин (31-10) мен өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (14-4) арасында жартылай орта салмақтағы титул үшін жекпе-жек өтеді.

Сондай-ақ шара аясында танымал тәжікстандық Камиль Каратэ қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтармен BMF титулын сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или