Танымал қазақстандық ММА спортшыларды жаңадан құрылған лига «лақтырып» кетуі мүмкін
25 сәуірде ашылуы жоспарланған Global Fight League (GFL) ұйымы өз қатарында қазақстандық спортшылардың өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz
GFL ақпаратына сәйкес, промоушн командаларында ресейліктер Омари Ахмедов, Тимур Валиев және тегі қазақ Дамир Исмағұлов, сондай-ақ UFC-де өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық қыз Мария Агапова болуға тиіс.
«Тимур Валиев өз наразылығын білдіруде! GFL, Тимурды тыныш қалдырыңыз, ол ACA лигасының спортшысы.
GFL құрамына енбеген спортшылардың тағдыры түсініксіз, өйткені олар шамамен 500 адаммен келісімшарт жасасып, соның 100-ге жуығын таңдады. Қызығы, GFL ақпараты бойынша Тимур Валиев бұл лигада өнер көрсетпек.
Жақсы жаңалық: олар Skype арқылы байланысқа шыққан жаттықтырушылар мен ардагерлердің санына қарағанда, белгілі бір қаражат бөлінгені байқалады. Шақырылғандар қатарында Олег Тактаров, Тони Фергюсон, Гегард Мусаси, Хавьер Мендес, Сэйдж Норкат және басқалар бар», – делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.