«Манчестер Сити» қарсылас қақпасына алты доп соқты
Ағылшын премьер-лигасының 22-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ипсвич Таунды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 6:0 есебімен Ситидің пайдасына аяқталды. Голдарды Фил Фоден (27-ші және 42-ші минуттар), Матео Ковачич (30-шы), Джереми Доку (49-шы), Эрлинг Холанд (57-ші) және Джеймс Макэти (69-шы) соқты.
«Манчестер Сити» 38 ұпай жинап, Премьер-Лига кестесінде 4-ші орынға көтерілді; Ипсвич Таун 16 ұпаймен 18-орында қалды. Сонымен қатар, Хосеп Гвардиола шәкірттері барлық жарыстардағы жеңіліссіз сериясын алты матчқа дейін ұзартты (төрт жеңіс және екі тең ойын).
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасындағы келесі ойынын қаңтардың 22-нен 23-іне қараған түні сырт алаңда ПСЖ-ға қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или