UFC 311 турнирінде жауынгерлер қанша табыс тапқаны белгілі болды
UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Ислам Махачев, Лос-Анджелесте өткен UFC 311 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Ренато Мойканомен кездесіп, титулын сенімді түрде қорғағанымен, базалық гонорары 200 000 доллар болғандықтан, негізгі кардтағы ең жоғары төленетін бес спортшының қатарына кірмеді, деп хабарлайды Prosports.kz Fighttime.ru-ға сілтеме жасап.
Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясының басшысы Энди Фостер ресми төлем тізімін жариялады.
Кепілдендірілген төлемдер тізімі:
Ислам Махачев: $200 000
Ренато Мойкано: $250 000
Мераб Двалишвили: $500 000
Умар Нурмагомедов: $100 000
Иржи Прохазка: $250 000 (жеңіс бонусы $50 000)
Джамал Хилл: $200 000
Жаилтон Алмейда: $220 000 (жеңіс бонусы $110 000)
Сергей Спивак: $100 000
Ренье де Риддер: $210 000 (жеңіс бонусы $105 000)
Кевин Холланд: $250 000
Раони Барселос: $96 000 (жеңіс бонусы $48 000)
Пэйтон Талботт: $43 000
Азамат Бекоев: $24 000 (жеңіс бонусы $12 000)
Зак Риз: $30 000
Богдан Гуськов: $86 000 (жеңіс бонусы $43 000)
Билли Элекана: $12 000
Грант Доусон: $212 000 (жеңіс бонусы $106 000)
Диего Феррейра: $100 000
Айлин Перес: $72 000 (жеңіс бонусы $36 000)
Кэрол Роса: $75 000
Муин Гафуров: $28 000 (жеңіс бонусы $14 000)
Ринья Накамура: $28 000
Бернардо Сопай: $24 000 (жеңіс бонусы $12 000)
Рики Турсиос: $28 000
Тагир Уланбеков: $72 000 (жеңіс бонусы $36 000)
Клейтон Карпентер: $28 000
Ескеру қажет, бұл сомалар тек базалық гонорар болып табылады. Бойшылардың жалпы табысына негізгі демеушілерден түскен төлемдер, қосымша өтемақылар және ақылы трансляциялардың сатылымынан түскен үлестер де қосылуы мүмкін.