Қазақ пен өзбек файтерлері OCTAGON 69 турнирінде ғажап жекпе-жек өткізді
Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 69 турнирінде орта салмақтағы қызықты жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орта салмақта лиганың бұрынғы чемпионы, қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-3) азербайжандық Илкин Шекерелиевпен (3-6) жекпе-жекке шықты.
Орынбасар ретінде шыққан азербайжандық файтер бұрынғы чемпионға лайықты қарсылық көрсете алмай, бірінші раундтың алғашқы минутында мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.
Айта кетейік, 2014 жылы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында Абдурахманов финалда UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы титулына басты үміткерлердің бірі, ресейлік Магомед Анкалаевты (20-1-1) мерзімінен бұрын жеңіп, «алтын» жүлдені иеленген болатын.
OCTAGON 69 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген қырғыз файтері Руслан Қасымалы уулу (9-0) ресейлік Баир Штепинмен (11-6) чемпиондық белбеуді қорғау үшін жекпе-жек өткізеді.