UFC 311 турнирінің тікелей трансляциясы: Махачев – Моикано, Двалишвили – Нурмагомедов

UFC 311 турнирінің тікелей трансляциясы: Махачев – Моикано, Двалишвили – Нурмагомедов

19 қаңтарға қараған түні Инглвудта (Калифорния штаты, АҚШ) UFC 311 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир аясында екі титулды жекпе-жек жоспарланған.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта ресейлік файтер Ислам Махачев (26-1) рейтингтің 10-нөмірі, бразилиялық файтер Ренато Мойканомен (20-5-1) кездеседі. Ренато Мойкано төрт жеңіс сериясымен келеді және бұл жекпе-жекте жарақат алған Арман Царукянды (22-3) алмастырады.

Турнирдің тағы бір басты кездесуінде жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионы, грузиялық Мераб Двалишвили жеңіліп көрмеген ресейлік файтер Умар Нурмагомедов титулды жекпе-жек өткізеді.

UFC 311 турнирінің тікелей трансляциясы 19 қаңтарда Қазақстан уақытымен 4:00-те басталады. Трансляцияны мына жерден немесе осы сілтеме көруге болады. Негізгі кард Қазақстан уақытымен шамамен 08:00-ге жоспарланған.

UFC 311 турнирінің толық карды:

Басты кард:

Ислам Махачев (26-1-0) – Ренато Мойкано (20-5-1)

Мераб Двалишвили (18-4-0) – Умар Нурмагомедов (18-0-0)

Иржи Прохазка (30-5-1) – Джамал Хилл (12-2-0)

Кевин Холланд (26-12-0) – Ренье де Риддер (18-2-0)

Алдын ала кард:

Билли Элекана (АҚШ) – Богдан Гуськов (Өзбекстан);

Пэйтон Тэлботт (АҚШ) – Раони Барселос (Бразилия);

Жаилтон Алмейда (Бразилия) – Сергей Спивак (Молдавия);

Закари Рис (АҚШ) – Азамат Бекоев (Ресей).

Ерте прелимдер:

Грант Доусон (АҚШ) – Диего Феррейра (Бразилия);

Кэрол Роза (Бразилия) – Айлин Перес (Аргентина);

Ринья Накамура (Жапония) – Муин Гафуров (Тәжікстан);

Рики Турсиос (АҚШ) – Бернандо Сопай (Албания);

Тагир Уланбеков (Ресей) – Клейтон Карпентер (АҚШ).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или