UFC 311 турниріндегі титулды жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін

UFC 311 турниріндегі титулды жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін

UFC 311 турниріндегі титулды жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

2025 жылы 18 қаңтарда Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында өтетін UFC 311 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін қазіргі чемпион Ислам Махачев (26-1) пен Арман Царукян (22-3) арасындағы жекпе-жек өтуі тиіс.

Алайда әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, бұл жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін. Себебі Арман Царукян бел жарақатына байланысты турнирге қатыса алмайды деген сыбыстар тарады. Әзірге титулдық жекпе-жекке қатысты бұл қауесеттерді растайтын ресми ақпарат жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или