Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуы мүмкін
Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Аустралияда өтетін UFC 312 турнирінде өнер көрсетуі мүмкін.
8 ақпанда Сиднейде өтетін турнирде жапониялық Рэй Цуруя (10-0) мен аустралиялық Стюарт Николл (8-1) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Николл жарақатына байланысты турнирден бас тартуға мәжбүр болды.
Жалғас Жұмағұлов жеңіліп көрмеген файтерге қарсы жекпе-жекке шығуға ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта UFC басшылығы Цуруяны басқа қарсыласпен кардта қалдыру керек пе деген мәселені шешіп жатыр.
Спорт Шредингера мәліметінше, Жалғас Жұмағұлов UFC қосалқы файтерлер тізімінде тұр. Қазақстандық файтер мен жекпе-жек туралы шешім жақын арада қабылданады.
UFC 312 турниріндің басты жекпе-жегі аясында екі титулды жекпе-жек өтеді: орта салмақтағы чемпион Дрикус Дю Плесси Шон Стрикландпен кездеседі, ал Чжан Вэйли минималды салмақта Татьяна Суареске қарсы титулын қорғайды.