Астанада жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet халықаралық турнирі өтеді
25 қаңтарда Астанада жеңіл атлетикадан Amin Tuyakov Prizes жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлады Prosports.kz
Бұл ауқымды шара 2025 жылғы World Athletics Indoor Tour Gold сериясының ашылуына себеп болмақ. Әлемнің тоғыз қаласын қамтитын бұл серияның финалдық кезеңі 28 ақпанда Мадридте өтеді.
Турнирде Олимпиада чемпиондары, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері сияқты жеңіл атлетиканың атақты спортшылары бақ сынайды.
Астана жарысында өнер көрсететіндер:
-Олимпиада және әлем чемпионы, «Гауһар лигасының» бірнеше дүркін жеңімпазы Андре де Грасс (Канада)
- Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, жабық ғимараттағы халықаралық жарыстарға алғаш рет қатысушы Кишейн Томпсон (Ямайка)
- Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Алекс Хэйдок-Уилсон (Ұлыбритания)
- Әлемдік рейтинг көшбасшысы Корнелиус Тувей (Кения)
- Әлем чемпионы Маркиз Денди (АҚШ)
- Олимпиада финалисі Тиа Клэйтон және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері Тина Клэйтон (Ямайка)
- Олимпиада чемпионы Наташа Моррисон (Ямайка)
- Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Сада Уильямс (Барбадос) және басқа да спортшылар.
Жарыс Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өтеді.