Қазақстан фристайлдан әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады
Алматыда жасөспірімдер арасында өткен фристайлдан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы төрт медаль жеңіп алды.
Могулшы Анастасия Городко екі жүлдеге ие болды: параллель могулдан алтын, могулдан күміс медаль.
Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалық жарыста күміс медаль иеленді.
Фристайл акробатикадан жарысқа қатысқан Дінмұхаммед Райымқұлов тарихи нәтиже көрсетті. Ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или