Тарихи жеңіс: шымкенттік спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды
Алматыда жасөспірімдер арасындағы фристайл-могул және фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Халықаралық жарысқа 13 елден келген 110 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Чемпионаттың үшінші күнінде Шымкент қаласының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан алғашқы алтын жүлдені иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Дінмұхаммед жарыс барысында 104.52 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды.
2006 жылы дүниеге келген Дінмұхаммед Райымқұл – Шымкент тумасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол – ұлттық құрама мүшесі, Жастар ойындары мен спартакиада жеңімпазы, әлем және Еуропа кубоктарының жүлдегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или