Қазақстан хоккей чемпионатының плей-офф кезеңіне алғашқы қатысушылар анықталды

Қазақстан хоккей чемпионатының плей-офф кезеңіне алғашқы қатысушылар анықталды


Қазақстан хоккей чемпионатының шешуші кезеңіне алғашқы командалар анықталды.

Кеше өткен ойын күнінің қорытындысы бойынша «Құлагер» командасының жеңілісінен кейін көкшетаулық «Арлан» плей-оффқа жолдама алды. Осылайша, «Арлан» турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командалар үшін қолжетімсіз болып қалды. Команданың еншісінде 28 ойыннан кейін 45 ұпай бар.

Ал бұған дейін плей-оффқа шыққан алғашқы команда – Өскеменнің «Торпедосы» болды. Қазіргі таңда олар 32 матчтан кейін 48 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или