Биатлон. Әлем кубогы: қазақстандықтар әйелдер арасында қандай нәтиже көрсетті
Оберхофта (Германия) биатлоннан Әлем кубогы кезеңі басталды. Алғашқы медальдар әйелдер арасындағы спринтте сарапқа салынды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жарысқа үш қазақстандық спортшы қатысты. Команда бойынша ең жақсы нәтижені Полина Егорова көрсетті. Ол 80-ші орынмен аяқтады.
Ольга Полторанина 85-ші, ал Галина Вишневская-Шепоренко 96-шы орынды иеленді.
Франция спортшысы Паула Боте үздік атанды. Мәреге екінші болып Норвегия спортшысы Марен Киркейде келді. Үздік үштікті болгариялық Милена Тодорова толықтырды.
Айта кетейік, 10 қаңтар күні ерлер арасында спринт өтеді. Басталуы – Астана уақыты бойынша 18:20.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или