Дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастады
Дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz
Бүгін, 9 қаңтар күні дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы 2025 жылдың алғашқы жаттығуына кірісті.
Ұлттық құрама спортшылары Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 19 қаңтарға дейін жаттығады.
Оқу-жаттығу жиынына барлығы 100-ге жуық татами шебері қатысып жатыр.
Жаттығу жиынына Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Абужақынова, Grand Slam жарысының жеңімпаздары Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері шақырту алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или