Солтүстік Қазақстанда 372 қысқы хоккей алаңы жұмыс істейді

Петропавлда облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы мен облыстағы қысқы спорт түрлеріне қатысты мәселелер талқыланды.

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов отырыстың ашылуында Президент Жолдауы еліміздің қиын-қыстау кезеңімен тұспа-тұс келгенін айтты. Стратегиялық құжатта мемлекетімізді алға жетелер нақты мақсаттар мен міндеттер көрсетілген.

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жайлы ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары Марат Шынтеміров баяндады.

«ҮЕҰ өкілдері барлық маңызды іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Елбасымыздың кезекті Жолдауы мен басқа да бағдарламалық құжаттарға қатысты ақпараттық қызметтер түгел қамтылды. Жыл басынан бері 250-ден астам ірі шара ұйымдастырылып, оған 50 мыңнан астам адам қатысты», - дейді Шынтеміров.

Аймақтағы қысқы спорт түрлерінің дамуы жөнінде дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Руслан Есеналин баяндады.

Оның айтуынша, облыста 9 қысқы спорт түрі дамып келеді: шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, биатлон, шайбалы хоккей, допты хоккей, шорт-трек, бағдарлау спорты, қысқы Президенттік көпсайыс, керлинг.

«Қысқы спорт түрлері бойынша 426 секция жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады. Одан бөлек, балалар мен жасөспірімдерге арналған 26 спорт мектебі бар. Ол жерлерде 980 адам дайындалады», - дейді Есеналин.

Оның айтуынша, қыс мезгілінде облыста 372 хоккей алаңы ашылады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или