OCTAGON 68: Өзбекстандық файтер мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
Ташкентте өтіп жатқан Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 68 турнирінің кезекті жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық спортшы Данияр Оңғар (6-3) октагонда жеңіліп көрмеген жергілікті файтер Мироншох Хусеновпен (5-0) кездесті.
Жекпе-жектің үшінші раундында қазақстандық файтер Данияр Оңғар жеңіске жетті. Өзбекстандық Мироншох Хусенов мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Сондай-ақ Өзбекстан астанасындағы турнирге танымал жергілікті нокаутшы Шохасан Мирзаматов, ұйымның орта салмақтағы экс-чемпионы Ислом Балтаев, жеңіл салмақтағы рейтингте бірінші орында тұрған Сухроббек Атажанов, танымал тәжікстандық файтер Камиль Каратэ және т.б. спортшылар қатысады.
OCTAGON 68 турнирінің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы чемпион, өзбекстандық Анвар Абдуллаев (8-0) пен әзербайжандық уақытша белбеу иегері Фарид Алибабазаде (13-7) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink