OCTAGON 68: Қазақстандық файтер мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 68 турнирінің келесі жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық Бағашар Қораласов (3-1) октагонда өзбекстандық файтер Асадулло Расуловпен (3-0) кездесті.
Жекпе-жек екі раундқа созылып, қазақстандық файтер Бағашар Қораласов мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Сондай-ақ Өзбекстан астанасындағы турнирге танымал жергілікті нокаутшы Шохасан Мирзаматов, ұйымның орта салмақтағы экс-чемпионы Ислом Балтаев, жеңіл салмақтағы рейтингте бірінші орында тұрған Сухроббек Атажанов, танымал тәжікстандық файтер Камиль Каратэ және т.б. спортшылар қатысады.
OCTAGON 68 турнирінің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы чемпион, өзбекстандық Анвар Абдуллаев (8-0) пен әзербайжандық уақытша белбеу иегері Фарид Алибабазаде (13-7) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink