Қуат Хамитов атышулы спортшымен жекпе-жек өткізуге келісті

Қуат Хамитов атышулы спортшымен жекпе-жек өткізуге келісті

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов (26-8-2) ирандық Мохаммед Хейбатидің (5-5) жекпе-жекке шақыруын қабыл алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ұсынысқа келетін болсақ, мұны келесі турнирде орындай аламыз. Менің ойымша, біз өте жақсы жекпе-жек өткіземіз. Мұны жасауға болады. Ұйымдастырушылар қызығушылық танытса, 28 ақпанда Астанада өте керемет шоу қоя аламыз! Егер қандай да бір себептермен Мариф Пираев жекпе-жектен бас тартса, Хейбатиге қарсы жекпе-жек өткізуге болады деп ойлаймын!» – деді Хамитов.

Хейбати қазақстандықты бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге шақырды. Алдыңғы кездесуде ирандық Мұратбек Қасымбаймен жұдырықтасып, тең түсті. Бұл кездесудің соңғы раундында Қасымбай қарсыласын нокдаунға түсірген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или