«Арсенал» – «Ипсвич»: АПЛ көшбасшысы батыл дебютантпен кездеседі

«Арсенал» – «Ипсвич»: АПЛ көшбасшысы батыл дебютантпен кездеседі


Осы сенбі, 28 желтоқсан күні, Англия Премьер-лигасының 18-турындағы соңғы матчта Лондонда «Арсенал» мен «Ипсвич Таун» командалары кездеседі. Әзіргі вице-чемпион, осы маусымда да «алтынға» талас жүргізіп жатқан «Арсенал» АПЛ-дегі аутсайдерлердің қатарындағы дебютантпен ойнайды. Бұл кездесудің нәтижесі алдын ала белгілі сияқты көрінгенімен, шын мәнінде жағдай соншалықты қарапайым емес.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

«Ливерпуль» мен «Челсиге» қарсы тынымсыз жарыс жүргізіп жатқан «зеңбірекшілер» кейде ұпай жоғалтып жатады. Мәселен, Премьер-лигада қатарынан алты матчта жеңілмегенімен, «Арсенал» 8 және 14 желтоқсанда «Фулхэм» және «Эвертон» командаларымен тең түсіп, маңызды ұпайларынан айырылды. Алайда «Арсенал» өткен турда «Кристал Пэласқа» қарсы ойында өздерін ақтап, оларды 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

Ұзақ уақыттық үзілістен кейін Премьер-лигаға оралған «Ипсвич» қазіргі уақытта 19-орында тұр және 17 матчта небәрі екі жеңіс қана тіркеген. Алайда «тракторшыларды» есептен шығару әлі ерте. Олар 14 желтоқсандағы матчта тікелей бәсекелесі «Вулверхэмптонды» 2:1 есебімен сырт алаңда жеңіп, өз мүмкіндіктерін көрсетті. Қазір АПЛ-2024/2025 турнирлік кестесінің төменгі бөлігіндегі командалардың ұпай айырмашылығы өте аз, және кез келген жеңіс командаға қауіпті аймақтан шығуға көмектесе алады. Айтпақшы, «Ипсвичтің» екінші жеңісі де сырт алаңда тіркелген – ол Лондонда «Тоттенхэмге» қарсы матчта болды. Сондықтан, «тракторшылар» «Арсеналға» да лайықты қарсылық көрсететіні анық.

Дегенмен, «зеңбірекшілердің» Премьер-лигада өз алаңында әлі жеңілмеген жалғыз команда екенін ұмытпау керек. Қарсыластың Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін барын салатынын ескерсек, алаң иелері бұл ойынға барынша дайындықпен келетін болады.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Арсеналдың» жеңісіне 1.12 коэффициентін ұсынады, ал «Ипсвичтің» жеңісіне 20.00 коэффициенті берілген. Матчтың тең аяқталу ықтималдығы 9.40 коэффициентімен бағаланып отыр.

Матчтың жалпы гол санына қатысты да қызықты болжамдар бар: 1.5 голдан аз – 6.60, 1.5 голдан көп – 1.11. Сондай-ақ, командалардың бірі 3-4 гол айырмашылығымен жеңеді дегенге: «Иә» – 2.70, «Жоқ» – 1.41 коэффициенттері берілген.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или