Чемпиондар лигасы бұйырмаған аңыз футболшылар
Чемпиондар лигасы – әр футболшының асыл арманы. Алайда Еуропаның ең үздік клубтары бақ сынасатын бұл турнирде жеңіске жету кез келгеннің маңдайына жазыла бермейді.
Мәселен, бразилиялық шебер Роналдо футболдағы барлық басты жетістіктерге қол жеткізген. Әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, «Алтын доп» иегері болғанымен, Чемпиондар лигасының кубогы бұйырмады.
Джанлуиджи Буффон да – осы тізімде. Ұзаққа созылған қақпашы мансабында ол Чемпиондар лигасында үш рет финалға шыққанымен, үшеуінде де жеңіліс тапты.
Златан Ибрагимовичтің жетістіктері де әсерлі, бірақ Чемпиондар лигасын жеңу оған бұйырмады. Жеті түрлі клуб сапында өнер көрсеткенімен, бұл турнирдің кубогын басынан көтерген емес.
Франциялық аңыз ойыншы Эрик Кантона да Чемпиондар лигасында топ жара алмады. Ол «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін екі жыл өткен соң ағылшын клубы турнирдің жеңімпазы атанды.
Римдік аңыз Франческо Тотти туған командасына адалдығы үшін құрметке бөленгенімен, Чемпиондар лигасының ширек финалынан ары аса алмады.
Ал Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендерінің бірі Руд Ван Нистелрой бұл жарыста финалда жеңіске жетпегені қызық дерек.
Михаэль Баллак та Чемпиондар лигасын жеңуге бір қадам жақындаған еді. 2008 жылы «Челси» сапында финалға шыққанымен, жеңіс оған бұйырмады.