Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық ережелердің жаңа нұсқасын жариялады

Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық ережелердің жаңа нұсқасын жариялады


14-15 желтоқсан аралығында Түркияның Стамбул қаласында дзюдо ережелеріне өзгеріс енгізу бойынша техникалық семинар өтті.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңа олимпиадалық маусымға арналған ережелердің жаңартылған нұсқасын жариялады. 

Техникалық семинардың қорытындысы бойынша "юко" ұпайы, белден төмен ұстау және "аюша" ұстау әдісі қайтарылды. Дегенмен, ережелер қолданысқа енгенде спортшылардың жаңа қағидаларға бейімделуі біраз уақытты алары сөзсіз. Бұл туралы дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов өз пікірін білдірді.

Ережелер жақсы жаққа өзгерген. Барлық әдіс-тәсілдердің қайта енгізілуін дұрыс деп есептеймін. Дегенмен, юко ұпайы керек емес секілді. Вазари мен иппонның өзі жеткілікті болар деп ойлаймын. Әрине, бастыпқы уақытта жаңа қағидалар спортшыларға қиындық туғызары анық. Дегенмен бапкерлер штабы осы ережелерге сай жаттығу жиындарын өткізеді. Балуандардың бейімделуіне бар күш жігерімізді саламыз,- дейді бас бапкер.

Екі күндік семинар қорытындысы бойынша жоғарыда аталған ережелер 2025 жылдан бастап қолданысқа енеді.

Дереккөз: aikyn.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или