Қазақстандық могушылар Бакуриани қаласында өтетін әлем кубогында өнер көрсетеді
Фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі Бакуриани қаласында (Грузия) өтеді. Жарыстар 19 желтоқсанда басталады.
Бірінші күні ерлер арасындағы жарыстардың іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы атынан Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков және Максим Емельянов қатысады.
Жекелей могул бойынша негізгі жарыстар 20 желтоқсанда өтеді. Ал келесі күні параллель могул бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстан әйелдер командасынан Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова өнер көрсетеді.
Дереккөз: Zakon.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или