NAIZA-ның бұрынғы чемпионы Мәскеуде жекпе-жек өткізеді
NAIZA-ның бұрынғы чемпионы Магомед Кабардиев (7-1) 19 желтоқсанда Мәскеуде өтетін Hardcore лигасында жекпе-жек өткізеді.
«Наше Дело» Гран-при финалында Александр Грозиннен (24-5-1) алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын. Осыдан кейін ол Америкаға оқу-жаттығу жиынына барып, сол жерде жарақат алды, сондықтан ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген.
Айта кетейік, жарақат алғанға дейін (тізе буынының зақымдануы) Кабардиев командасымен бірге әлемнің ең үздік промоушені UFC-ге өтуге дайындалып жатқан болатын.
Дереккөз: Sport+
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или