«Барыстың» ҚХЛ жаңа турниріне қатысатын қақпашылары белгілі болды
Қақпашы Артём Шестаков пен Сергей Кудрявцев «Барыс» сапында 3х3 лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
20 жастағы Артём Шестаков биылғы маусымда «Снежные Барыс» сапында ойнады. Қақпашы бұған дейін «Торпедо» МХК, «Барыс» МХК және «Ястребы» МХС командаларында ойнаған, Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасында болған.
29 жастағы Сергей Кудрявцев биылғы чемпионатты «Арландардың» құрамында бастады. Ол тұрақты маусымда 11 матч өткізген. Өскемендік түлек «Торпедо», «ШКО», «Алтай-Торпедо», «Барыс», «Номад» және «Сарыарқа» командаларында өнер көрсетті. Сергей Кудрявцев ВХЛ-да «Оңтүстік Оралда» және «Экстралигада» «Металлург-Жлобинде» ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или