Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңінің соңғы матчында жеңіске жетті

Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңінің соңғы матчында жеңіске жетті

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезеңі аясында финалдық ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің соңғы кездесуінде қазақстандық хоккейшілер Исландияны 2:0 есебімен ұтты. Кездесудегі алғашқы голды бірінші кезеңде Надежда Филимонова соқса, үшінші кезеңнің соңғы секундтарында Мунира Саяхатқызы ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Словакия мен Словения да күш сынасатын D тобындағы турнир кестесін екінші орынмен аяқтап, Олимпиадаға жолдама ала алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или