Қазақстан GAMMA Әлем чемпионатын жеңіп алды

Қазақстан GAMMA Әлем чемпионатын жеңіп алды


Қазақстан құрамасы 10-14 желтоқсан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өткен ересектер арасындағы ММА бойынша Әлем чемпионатында командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Қазақстандық спортшылар 19 медаль жеңіп алды: оның ішінде 9 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль.

Әлем чемпионатын Жекпе-жектің аралас түрлері бойынша Халықаралық қауымдастық (Global Association of Mixed Martial Arts, GAMMA) ұйымдастырды. Дүбірлі додаға 66 елден 920 спортшы қатысты.

Қазақстаннан Әлем чемпиондары атанған спортшылар: Ерназ Мусабек (56,7 кг дейін), Мәжіт Сардаров (74,9 кг дейін), Айдын Төлепбаев (79,4 кг дейін), Мансұр Шахгерей (93,0 кг дейін), Зейнеп Оразхан (72,6 кг дейін), Әмір Алханов (56,7 кг дейін), Сайран Сағындықов (65,8 кг дейін), Мейрамбек Әубәкіров (74,9 кг дейін), Аида Қайрулина (72,6 кг дейін).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или